Жолақы көтерілмейтін болды

Oinet.kz 29-02-2024 390

417553935_707847304860366_5453801016194641061_n.jpg 

Қоғамдық көліктердегі жолақыны көтеру маңызды мәселе болып табылады және бұл жан-жақты зерделеуді талап етеді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жол ақысын көтеру тасымалдаушылар тарапынан көрсетілетін қызметтердің сапасы жақсарған, жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігі қамтамасыз етілген жағдайларда ғана мүмкін болады. Алайда, азаматтардың кейбір санаттарына, әсіресе, халықтың әлеуметтік осал топтарына жеңілдіктер беру мәселесін қарастырылады.

Өз кезегінде әкімдік тасымалдаушылардың жауапкершілігін күшейтуді, автопарктерді жаңартуды жалғастыруды жоспарлап отыр. Бұл ретте экологиялық ахуалды жақсарту үшін әлеуетті инвесторлармен электр автобустары мен маршруттарға қызмет көрсету және көліктің басқа да баламалы түрлерін енгізу бойынша келіссөздер жүргізілуде. Бұл мәселелерді шешу және жолаушыларға қолайлы жағдай жасау белгілі бір уақытты қажет етеді.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков осы осы бағыттағы қазіргі жағдайларды мұқият зерделеп, қалалық мәслихаттың наурыз сессиясының күн тәртібінен жолақыны көтеру мәселесін қарастыруды алып тастау туралы шешім қабылдады.

Айта кетері, қаңтар айында қала Ғабит Сыздықбеков:

 – Биылдан бастап қоғамдық көлікте жүру тарифін көтермекпіз. Бұл мәжбүрлі шара. Дұрыс түсініңіздер. Қазақстан бойынша ең арзан баға бізде. Мысалы, батыста газ арзандау. Барлық шығындарды мемлекет жабуда. Бюджеттен субсидия ретінде көп қаржы бөлінеді. Азырақ көтереміз. Нақты ақшамен емес, «Төлем» карточкасымен төлеңіздер, егер бұрын 70 теңге төлеген болсаңыздар, енді 100 теңге төлейсіздер. 30 теңгеге көп. Дұрыс түсініңіздер. Бағаны ұстап тұруға енді мүмкіндік жоқ,--деген еді







Дархан САТЫБАЛДЫ: Біздің облыста бітпей тұрған құрылыс болмауы тиіс
Шымкенттің әкімдері заңға бағынбай ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу