Қуандық Бишімбаевтың ісі сотқа түсті

Oinet.kz 26-02-2024 336

Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікке ілінген экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты іс Астана сотына түсті, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Screenshot_2.jpg

Сот кеңсесінде Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс материалдары сотқа жолданғаны туралы ақпарат пайда болды.

Айта кетейік, 16 қаңтарда оған тағы бір қылмыстық бап – "Қинау" (ҚК-ның 110-бабы 2-бөлігі) бойынша айып тағылғаны белгілі болды. Алғашында Бишімбаевтың ісі бойынша "Адам өлтіру" бабы бойынша тергеу басталды. Кейін "Аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру" - 99-баптың 2-бөлігі 5-тармағына қайта сараланды.

Еске салайық, 9 қарашада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ұсталғаны белгілі болды. Астанадағы мейрамханалардың бірінде келушілер арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйел алған жарақатынан көз жұмған. Болжам бойынша, әңгіме экс-министрдің әйелі туралы. Бишімбаевтың ұсталғаны туралы хабарламамен қатар Астана полициясы ер адамның ұсталғаны туралы пікір білдірді. Бірақ оның аты-жөнін нақтыламады.

Сондай-ақ, сағат 19:54-те астаналық жедел медициналық қызмет көрсету станциясы пультіне қоңырау түскен. Жедел жәрдем бригадасы жеткенде 1992 жылы туған әйелдің қаза болғаны расталды. Кейін марқұмның 31 жастағы Салтанат Нүкенова екені белгілі болды. Ол - Қуандық Бишімбаевтың әйелі.

«24 күн аштық жарияладым»: Арыстанбек Мұхамедиұлы өзіне тағы да іс қозғалуы мүмкін екенін айтты
Геннадий Головкин Ұлттық олимпиада комитетінің президенті болып сайланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу