Армения ҰҚШҰ мүшелігін тоқтатты
Армения Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүшелігін уақытша тоқтатып қойды.
Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасаған ҚазАқпарат хабарлады. Бұл жайында Армения премьер-министрі Никол Пашинян France 24 телеарнасына берген сұхбатында айтқан.
«Біздің пайымдауымызша, ұжымдық қауіпсіздік шарты Армениямен байланысты мәселелерде орындалған жоқ. Әсіресе 2021-2022 жылдары бұл жайт біздің назарымыздан тыс қала алмады. Біз аталмыш шартқа мүшелігімізді тоқтатып қойдық. Әрі қарай не боларын көреміз», - деді Армения басшысы.