Шымкент әкімдігі Еңбек мобильдігі орталығы директорының қамауға алынғанын растады

Oinet.kz 29-01-2024 354

116799405_305627044121005_3831942616222095718_n.jpg

Шымкент қаласының Еңбек мобильдігі орталығының директоры сыбайлас жемқорлық әрекет жасады деген күдікпен тергеліп жатыр. Ақпаратты Шымкент қаласының әкімдігі растады.  

«2024 жылғы 22 қаңтарда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Еңбек мобильдігі орталығының директоры Ш.Әсетке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқандығын хабарлады. Әзірге бізде бар ақпарат осы», - делінген Kazinform ақпарат агенттігі жолдаған ресми сауал жауабында.

Сондай-ақ, сауал жауабында тергеу барысына қатысты өзгеде ақпараттар ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сай жарияланбайтындығы айтылған.

Еске сала кетейік, биыл 15 қаңтарда Шымкентте жұмыспен қамтуға жауапты орталықтың басшысы қамауға алынғаны хабарланған болатын. 

 


АҚШ-тағы сайлау, Аргентинадағы наразылық: Бір аптада әлемде не болды?
Шымкентте 35 мың орындық стадион салынады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу