Парламент палаталарының бірлескен отырысында не қаралады?
Сенатор Ақмарал Әлназарова 19 қаңтарда Парламент палаталарының бірлескен отырысында қандай тақырып қаралатынын айтты. Бұл туралы kazinform.kz сайты хабарлады.
Депутат Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында Қазақстан Республикасының бітімгершілік күштерін жіберу мәселесі көтерілетінін айтты.
«Парламенттің құзыретіне Конституциямен бекітілген бірнеше функция бар. Соның бірі Қазақстанның алған міндеттемелері аясында бейбіт миссияларды орындау үшін Президенттен тиісті ұсыныс болса, бұл тақырып Парламенттің бірлескен отырысына шығарылады. Сондықтан ертеңгі отырыста осы мәселе қаралмақ», - деді А. Әлназаров Сенатта өткен баспасөз мәслихатында.
Сенатор бітімгерлер нақты қай елге жіберілетінін бүгін айта алмайтынын жеткізді.
«Негізінде, бұл бұрыннан бар тәжірибе. Қазақстан осыған дейін бітімгершілік күштерін жіберген, сондықтан бұл жұмыс жоспарлы түрде іске асырылады», - деді А. Әлназарова.