Шымкентте лауазымды шенеунік парамен ұсталды
Шымкентте Еңбек мобильділігі орталығының басшысы жемқорлыққа күдікті. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттіні хабарлады.
-Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Шымкент қаласының «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Ол «Бастау Бизнес 2023» ұлттық жобасы шеңберінде гранттардың нысаналы пайдаланылуына мониторингті жүзеге асыру кезінде жалпы қамқорлығы үшін делдал арқылы 200 мың теңге сомасында пара алу бойынша күдікті. Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда,-делінген антикордың таратқан мәліметінде.
Бұған дейін ақпарат құралдарында жоғарыда аталған орталықтың директоры Әсет Шағдаттың парамен ұсталғаны туралы мәлімет таратылған болатын. Ашық дереккөздерінен алынған мәліметке қарағанда ол бұл қызметке 2022 жылдың наурызында Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысының бұйрығымен тағайындалған.