Мағауин шетелге неге кетті?

Oinet.kz 07-01-2024 395

2.jpg

Соңғы он бес жылдда Чехияда, ал жуырда Түркияға қоныс аударған Халық жазушысы “Халық үнінің" youtube арнасына берген сұхбатында шетелге кету себебін айтты. Бұл туралы  Ulysmedia.kz хабарлады.

"Қазақта "Арқада қыс жайлы болса, арқар ауып несі бар" деген сөз бар. Мен баяғы орыстың диссидентін отырғызып, желкелеп шығарып салғандай жағдайды бастан кешкем жоқ, мен өзім кеттім. Тыныш жұмыс істеу керек. Әдебиетте әртүрлі дау-дамай болады. Әуезов те, Мағжан да сынға ұшыраған. Алайда маған қарсы үлкен науқан жүрді. Мысалы сондай өтіріктің бірі "Жұлдыз" журналының 2006 жылғы 9 нөмірінде "Мұхаммед пайғамбардың әйелі Айша анамызға тіл тигізген повесть басылды" деп жазылды. Жұрттың бәрі іздеді, жоқ ондай нәрсе, журнал жаңа ғана шыққан. Шыққанына ай болмаған. Сол сияқты нәрселер. Оның бәрінің жазуыма ешқандай әсері болған жоқ. Бірақ маған тыныштық керек, халқыңа керек болмасаң, болашақ ұрпаққа керексің, содан кейін сыртқа кетуге тура келді...Менің үкіметке де, басқаларға да ешқандай өкпем жоқ, өкпелейтін олардың жағдайы да жоқ. Мен өзім кеттім, бірақ соның алдында бес жыл бойы маған қарсы науқан жүрді. Осындайды халық ұмытып қалады екен. Айтылмаған сөз жоқ, бір күнде 5-6 газетке шыққан жағдай болды. Маған ол әсер еткен жоқ, маған әсер еткені қазақтың бір зиялы азаматы: "мынау бәленбай деген жазушымыз еді, неге осыған жала жабылып, қудаланып жатыр?" деп ара түсуге жараған жоқ. Содан соң балама кеттім...", - деді жазушы.


«Шымкентте "акула" парамен ұсталды». Генерал осыған қатысты сұраққа жауап берді
Мобильді аударымдар қандай жағдайда тексеріледі?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу