Аман Төлеев қайтыс болды
Ұзақ жылдары Ресейдің Кемеров облысын басқарған, қазақ ұлтынан шыққан қоғам қайраткері Аман Төлеев қайтыс болды. Бұл туралы Telegram-арнасында Кемеров облысының қазіргі губернаторы Сергей Цивилев жазды.
Аман Төлеев 1991 жылы Ресейде өткен алғашқы президенттік сайлауда үміткер болды. 1990-1993 жылдары Ресейдің халық депутаты атанды. 1997 жылдан бастап 2018 жылдың 1 сәуіріне дейін Кемерово облысының губернаторы қызметін атқарған.