Болат Назарбаев қайтыс болды

Oinet.kz 13-11-2023 1204

Тұңғыш президенттің інісі Болат Назарбаев Болат Назарбаев 71 жасына қараған шағында дүниеден өтті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_1.jpg

Алматы қаласы Орталық клиникалық ауруханасы экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевтың қайтыс болғаны туралы ақпаратты ресми түрде растады.

"2023 жылы 13 қараша күні сағат 09.51-де Болат Назарбаев ұзаққа созылған дертінен кейін көз жұмды”, - деп хабарлады ауруханадан. 

Сондай-ақ аталған ақпаратты Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай да растады. 

"71 жасқа қараған шағында созылмалы ауырудың салдарынан ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Болат Әбішұлы Назарбаев дүниеден озды",- деп жазды ол X (Twitter) желісінде. 

Еске салайық, Болат Назарбаев 3 қараша, жұма күні кешке миокард инфарктінің қайталануы деген диагнозбен орталық қалалық клиникалық ауруханасына шұғыл жеткізілген.

Бас прокуратура Абай облысында болған өрттің себебін атады
Болат Назарбаевтың өлімі: Тоқаев жаназаға қатыспайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу