Нұрқазы Шетенов судьялық қызметінен босатылады

Oinet.kz 30-10-2023 686

Снимок-экрана-2023-09-08-144622.png

 Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің отырысы өтті, онда жергілікті сот судьяларына қатысты тәртіптік істер қаралды. Бұл туралы аталған вемостваның ресми сайты хабарлады.

-Отырыс қорытындысы бойынша Ақтөбе облысы аудандық сотының судьясы ескерту түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Алматы және Түркістан облыстарының аудандық соттарының екі судьясына судья қызметінен босату түрінде тәртіптік жаза қолданылды. Жаза қолдануға азаматтық және қылмыстық істерді қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзу, сондай-ақ судьялық этикаға қайшы келетін теріс қылық жасау фактілері негіз болды. Тәртіптік жауапкершілікке тартылған судьялардың арасында Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотының судьясы Н.Б. Шетенов бар. Тәртіптік істі қарау қорытындысы бойынша Н.Б. Шетеновке қатысты судья қызметінен босату түрінде жаза қолдану туралы шешім қабылданды. Тәртіптік жаза қолданылған судьялар өздеріне байланысты қабылданған шешімдерге қатысты Жоғары Сот Кеңесіне шағымдануға құқылы, сол себепті Сот жюриінің шешімдері заңды күшіне енген жоқ. Сонымен қатар, заңнамада көзделген негіздер бойынша Сот жюриі тәртіптік теріс қылық құрамының болмауына байланысты аудандық соттардың 6 судьясына қатысты іс жүргізуді тоқтатты. Аудандық соттардың бұрынғы екі судьясына қатысты іс жүргізу олардың судья қызметінен босатылуына байланысты тоқтатылды,-делінген хабарламады.

Айта кетері, Нұрқазы Шетенов биыл мамырда Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауылында бұған дейін кісі өлтіріп, жазасын түрмеде өтеп шыққан азаматқа ауылдасын балтамен ұрған үшін бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған. Шілдеде ол азамат бес жастағы қызды зорлап, қылмысын жасыру үшін оны айуандықпен өлтірген. Сот үкімімен кейін ол өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Осыдан кейін қылмыскерге жеңіл жаза тағайындаған Нұрқазы Шетенов алдымен Сарыағаш аудандық сотының төрағасы лауаазымынан босатылған болатын. Міне, енді ол судьялық қызметімен де қош айтысқалы жатыр. Судьялық мәртебесінен айыру Президенттің Жарлығымен жүзеге асырылады.     

 


29 қазан- Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Әлтаевтың соты жабық режимде өтеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу