Ағаштарды заңсыз кесу, қару-жарақ: «Ертіс орманында» ауқымды операция жүргізілді

Oinet.kz 25-09-2023 500

Павлодар облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері "Ертіс орманы" ерекше қорғалатын аумағынан орманды заңсыз кесу және ұрлау дерегін анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін өткізді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Screenshot_7.jpg

Мәселен, 18 қыркүйекте облыстық прокуратураның үйлестіруімен "Ертіс орманы" резерваты бойынша ауқымды операция жүргізілді.

"Полиция қызметкерлері "Ертіс орманы" РММ-де, Шалдай және Бесқарағай орманшылығында, сондай-ақ бірқатар басшылардың тұрғылықты жері бойынша 20-ға жуық санкцияланған тінту іс-шараларын жүргізді.

Тінту кезінде құжаттамадан басқа атыс қаруы, оқ-дәрілер және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды. Болжамды мәліметтер бойынша орманды заңсыз кесуге "Ертіс орманы" РММ-нің лауазымды тұлғалары қатысты болуы мүмкін.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жарияланбайды.

Астанадағы мешіт Аида Балаеваның анасының құрметіне салынғаны рас па? - Министр жауап берді
Дархан Қыдырәлі Парламент Сенатының депутаты болып тағайындалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу