Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

Oinet.kz 03-08-2023 924

Screenshot_8.png 

Зулфухар Жолдасов Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы PRO кадры KZ телеграм каналы хабарлады.

З.Жолдасов мамандығы бойынша заңгер, эколог. Еңбек жолын заңгер болып бастаған. Әскери, табиғат қорғау прокуратурасында жұмыс істеген. Ұзақ жылдары Экология министрлігінде әртүрлі лауазымды қызметтерді атқарған.   2023 жылдан бастап Үкімет аппаратының өңірлік инспекторы болып  істеген.

Түркістан облысы әкімінің бұған дейінгі бірінші орынбасары Арман Жетпісбай қызметінен сәуірде босатылған болатын.  


Әбдірахымов орала ма? «Зың әкім» өзіне қарсы топ барын Аюповтың сотында айтты
Түркістан облысында 8 мектеп оқу жылына дайын емес
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу