12 мамыр - Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні
12 маусым - Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні. Тиісті жарлыққа Қасым-Жомарт Тоқаев бір күн бұрын, 11 маусымда қол қойды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
"Абай облысындағы орман өртінің салдарынан адамдардың қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында 2023 жылғы 12 маусымда жалпыұлттық аза тұту жариялансын", - делінген Жарлықта.
Бүкіл ел бойынша, соның ішінде елдегі ең үлкен мемлекеттік ту түсіріледі.