Шымкентте енді аудандық соттар болмайды

Oinet.kz 18-05-2023 542

68185feb-90b5-484f-82cc-f4adb5a86d75.jpg 

 Шымкент қалалық сотының «Ақпарат орталығында» «Қазақстан Республикасының кейбір соттарын қайта ұйымдастыру және олардың атауын өзгерту және Қазақстан Республикасы соттарының кадр мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 15 мамырдағы № 216 Жарлығына сәйкес, Шымкент қаласының Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандық соттарын біріктіру және бөлу жолымен Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты және Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты болып қайта ұйымдастырылуына орай брифинг өтті. 

    Оған қалалық соттың БАҚ бойынша үйлестіруші судьялары С.Мырзахметов, В.Мирошников, ҚР Сот әкімшілігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Б.Мейірханов және Баспасөз қызметінің маманы Қ.Дүйсенби қатысты. 

    Брифингте Берік Талғарбекұлы Шымкент қаласы соттарындағы өзгерістер жөнінде жан-жақты айтып берді. 

    Шара барысында БАҚ өкілдерінің қойған сұрақтарына департамент басшысы мен үйлестіруші судьялар толыққанды жауап берді.


Монополистер халықты қанап отыр - Тарифті көтеру кімге тиімді?
Қайрат Балабиев, Мәжіліс депутаты: 124 ауылда ауыз су құбыры мүлдем жоқ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу