Күдебаев ұсталды
Алматы облыстық Полиция департаментінің бұрынғы бастығы, генерал Серік Күдебаев ұсталып, елге жеткізілді. Былтыр қызметінен босатылып, артынша қаңтар оқиғасы бойынша айыпталған Күдебаев сот үкімі оқылар кезде Қырғызстан арқылы Түркияға қашып кеткен болатын.
Бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясы аясында БАҚ өкілдері Бас прокурор Берік Асыловтан: «Күдебаевтың ұсталып, Қазақстанға жеткізілгені жайлы ақпарат рас па?» деп сұраған еді.
«Иә», - деп жауап берді Бас прокурор.
Сонымен қатар ол Серік Күдебаевтың Түркиядан жеткізілгенін де айтты.