Коронавируспен науқастанғандар көбейіп келеді
Елде коронавирустан емделіп жатқан науқастар саны 1800-ден асты, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
15 сәуірдегі мәлімет бойынша, 1 805 адам коронавирус инфекциясынан (–1 621+ және 184 КВИ-) емделіп жатыр, оның 184-і стационарда, 1 621 науқас амбулаториялық деңгейде.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 2 адамның жағдайы ауыр.
Соңғы тәуліктерде коронвирусмпен науқастанғандардың саны көбейіп келеді. Министрлік 14 сәуірде коронавирустан 1 759 адам (коронавирус (КВИ+) –1 575, пневмониядан (КВИ-) – 184) емделіп жатқанын хабарлаған болатын.