Жаңа Мәжіліс те мерзімінен бұрын тарай ма?
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов VIII шақырылымның мерзімінен бұрын тарау ықтималдығы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Мәжілістің бұл шақырылымы уақытында тарай ма, әлде тағы өз еркімен тарап кетуі мүмкін бе?» - деп сұрады БАҚ өкілі Палата төрағасынан.
Мәжіліс спикері бұл құрам Конституцияда көрсетілген мерзім бойында жұмыс істеуге әзір екенін айтты.
«Менің ойымша, біз 5 жыл жұмысымызды істеуіміз керек. Заң бойынша, Конституция бойынша солай ғой. Сондықтан, біз сол 5 жыл жұмыс істеуге, өзіміздің мерзімімізді толығынан атқаруға дайынбыз», - деді Ерлан Қошанов.