Қорғаныс министрлігі: «Арыстағы жарылыста қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ»

Oinet.kz 24-06-2019 2924

Screenshot_2.jpg

Фото әлеуметтік желіден алынды

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ - Қорғаныс министрлігі Арыстағы жарылыстар жайлы Қорғаныс министрлігінің өкілдері Арыстағы жарылыстарға қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

"24 маусымда Түркістан облысының Арыс қаласының маңында орналасқан ҚР ҚК арсеналдарының бірінде оқ-дәрілер сақталған ғимараттан өрт шықты. Қазіргі уақытта қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталып жатыр. Қорғаныс министрлігінің басшылығы оқиға орнына арнайы құрылған комиссия жіберді, Қарулы Күштер жеке құрамының күші апат салдарын жою және азайту бойынша іс-шаралар ұйымдастырып жатыр", - делінген хабарламада. 

Арыс қаласында болған жағдайға байланысты Шымкент қаласы ТЖ департаментінде "Қауырт желісі" жұмыс істейді - тәулік бойы 8 (7252) 44-94-72.

Screenshot_1.jpg

Премьер-министр Шымкенттегі автобустарға мініп көрді (фото)
Шымкент қаласынан Айгүл Қапбарова Сенат депутаты болып сайланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу