Қоғамдық орында балағат сөз айту фактісін қалай дәлелдеуге болады

Oinet.kz 10-01-2023 754

image.png

ҚР Ішкі істер министрлігі қоғамдық орында балағат сөз айту фактісін қалай айғақтауға болатынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қоғамдық орында балағат сөз айту және басқа да ұсақ бұзақылық үшін 69 мың теңге көлемінде айыппұл немесе 30 тәулікке дейін қамауға алу жазасы бекітілгенін жазған болатынбыз.

Министрліктің түсіндіруінше, қоғамдық орынға көлік, көше, дүкендерді жатқызуға болады. Балағат сөз айтылғанын аудио және видеожазба арқылы, сондай-ақ куәгерлердің көмегімен дәлелдеуге болады.

«Егер ешкім балағаттау фактісін растай алмаса да, істің мән-жайын анықтау үшін полицияға жүгінуге болады«, - деп толықтырды ведомство.

Ұсақ бұзақылық фактісі бойынша түпкілікті шешімді сот қабылдайды.

Тиісті өзгерістер Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстерінің, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің бірқатар баптарына енгізіледі.

Айта кетейік, Әкімшілік құқықбұзушылықтар кодексінің жаңа нұсқасында «ұсақ бұзақылық» үшін айыппұл 20 АЕК (69 000 теңге) құрайды, қамауға алу 5-тен 30 тәулікке дейін ұзарады.

Биыл 3 қаңтарда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚР Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне экологиялық құқықбұзушылықтар мен вандализм көріністері үшін жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» және «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне экологиялық құқықбұзушылықтар мен вандализм көріністері үшін жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

22 мыңнан аса шетел азаматына Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсат беріледі
Қазақстанда ұн бағасы 35%-ға қымбаттады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу