Блогер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов өздеріне тағылған айыпты мойындамады
Алматыда Mudarabah Capital қаржы пирамидасына қатысты сот отырысы өтті. Шерниязов пен Төребаев қаржы пирамидасын құрды және ұйымдастырды деген айыптаумен келіспейтіндерін және өз кінәсін мойындамағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Turkystan.kz.
Алматыда Mudarabah Capital қаржы пирамидасына қатысты 12 адам айыпты деп табылған. Олардың қатарында вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов бар.
Сот отырысы онлайн режимде Zoom видеоконференция арқылы өтті. Прокурор іске қатысты айыптаушыларға байланысты айыптау актын оқыды.
"2019 жылы Алмас Құрманғалиевтің бастамасымен Astex қаржы пирамидасы құрылды. Жеке мүддесін байыту үшін ол арнайы жоспарын құрып, жақыны Ержан Мансұровты тартқан. Олар ары қарай ұйымдасқан қылмысты топ құрып, онда Мансұров өзінің жеке мүддесін көздеп, қаржы пирамидасын дамыту бойынша жеке тапсырмаларды орындауымен айналысып, Astex ЖШС тіркеген. Құрманғалиев салымшыларға өз салымдарының жылына уәде етілген 240 пайызын төлей алмайтынын біле тұр, ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін жалғастырады және жаңа клиенттерді шақырады. Ол жаңа салымшылардың үнемі көбейту керек екенін түсінеді. Бірнеше айдан кейін олар өз қызметіне сенімділік пен заңдылық түрін беру мақсатында танымал тұлғаларды шақырған: Руслан Бурқанов, Әзімжан Саидбаев және Мейірхан Шерниязов бар. Аталған адамдар ұсынылған іс-әрекеттің заңсыз екенін біле тұра, өз келісімдерін берді" – деді мемлекеттік айыптаушы.
Содан кейін жаңа Mudarabah Capital ЖШС тіркелді, онда тергеу нұсқасы бойынша Бүркенов, Саидбаев және Шерниязов жарғылық капиталға қатысу үлестерін пропорционалды түрде бөлді. Бұл компания салымшылардың ақшасын тарту құралы ретінде пайдаланылуы керек екендігі атап өтілді.
"Mudarabah Capital мен Astex арасында келісім жасалды, оған сәйкес бірінші клиенттерді іздеуге, Astex атынан келісім жасауға, келісімнен кейін кеңес беруге, басқа да заңды операцияларды жүзеге асыруға міндеттенді. Бұл келісім Mudarabah Capital Astex құрылымдық бөлімшесі болғанын көрсетеді. Mudarabah Capital-да құрылтайшылардың құрамына кіретін Бурқанов директор болып тағайындалды. Құрылтайшы болған Саидбаев әлеуметтік желілерде үгіт-насихат және жарнамалық науқан жүргізуі керек еді. Ол сондай-ақ құрылтайшылар арасында қаражат бөлуге қатысты. Шерниязовта да осындай рөл болды", – деп атап өтті прокурор.
Оның айтуынша, 2020 жылдың қыркүйек айының соңында үшеуі де қаржы пирамидасын насихаттау мақсатында әлеуметтік желілерде миллионнан астам жазылушысы бар Мейіржан Төребаевқа жүгінген. Ол сыйақы беруге уәде беріп, бірлескен қылмыстық әрекеттерді жасауға тартылғаны атап өтілді.
"Төребаев ұсыныстың заңсыздығын түсініп, пирамида сәтсіз болған жағдайда қылмыстық жауапкершіліктен құтыла алатынына сенімді бола отырып, өз келісімін беріп, ҰҚТ-қа кірді. Ол салымшыларға пайыз төлеу мүмкін еместігін түсініп, оның заңсыз қаржы пирамидасы екенін түсініп, жұмыстың кірістілігін бағалап, салымшылардың қаражатынан айырылатынын түсініп, өз жұмысын бастады. Төребаев пирамиданы насихаттап, үгіт-насихат жүргізіп, оған қаражат салып, оны әлеуметтік желілерде жарнамалап, заңды қызметке көрініс беруі керек еді. Төребаев құрылтайшылар тізіміне енгізілді. Олардың барлығында жарғылық капиталға қатысу үлесінің 11-11,5 пайызы болды", – деді мемлекеттік айыптаушы.
Судья Қамшат Саурова айыпталушылардың тағылған айыптарға қатысты пікірін сұрады. Шерниязов пен Төребаев олардың қаржы пирамидасын құрды және ұйымдастырды деген айыптаумен келіспейтіндерін және өз кінәсін мойындамағанын мәлімдеді.