Қазақстандағы ең ірі екі СЭС «Самұрық-Қазына» қорының меншігіне беріледі
Үкімет қаулысы бойынша Шығыс Қазақстандағы екі су электр станциясы мемлекет меншігінен "Самұрық-Қазына" қорының меншігіне бірнеше шарт бойынша беріледі.
"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ акцияларының төлемі ретінде "СЭС Өскемен АЭС" ЖШС және "АЭС Шүлбі СЭС" ЖШС-дегі мемлекеттік қатысу үлестерін тиісті саланың уәкілетті органының ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілген салалық оң қорытындысы болған жағдайда беру", - делінген қаулыда.
Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне, сондай-ақ Энергетика және Ұлттық экономика министрліктеріне "Самұрық-Қазына" қорымен бірлесіп қаулыны іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдау тапсырылды.
Осыған байланысты Үкіметтің шешімдеріне бірнеше өзгерістер енгізу қажет болатыны атап өтілді.