Қазақстанның ең бай 50 бизнесмені

Oinet.kz 24-04-2019 1486

Screenshot_12.jpg

«Forbes.kz» сайты жылда еліміздегі ең бай 50 бизнесменнің тізімін жариялайды. Сол ең мықты елу адамның байлығы $ 25,52 миллиард долларды құрап отыр. Өткен жылмен салыстырғанда бизнесмендердің байлығы 2,23 миллиард долларға артыпты. 

«Forbes.kz» сайтының есебіне қарағанда, ең мықты 50 бизнесменнің байлығы Қазақстанның жалпы Ішкі Өнімінің, яғни елімізде өндірілген барша тауар мен көрсетілген қызмет құнының 12 пайызын құрап отыр. ЖІӨ өткен жылдың аяғында 216 миллиард долларға жеткен. Ел байлығының қалған 88 пайызы немесе 191 миллиард доллары Қазақтанның сол ең бай 50 бизнесменінің қатарына енбейтін азаматтарының еншісіне тиіп отыр. Еліміздің мақтанышы әрі дағдарыс кезінде үміт артар қаржылық қорғаны болып табылатын Ұлттық қорымыз бар. Елдің мұнайдан түскен пайдасы осы Қорда жинақталады. Экономика мен ел тұрғындары қиын жағдайға тап болғанда, осы Қор ашылып, тиісті көмек көрсетіледі. Әлігі ең қуатты 50 бизнесменнің байлығы сол Ұлттық қорда жиналған қаржының 37 пайызын құрап отыр. Ілгері ең бай 50 бизнесменнің қатарына ену үшін 85 миллион доллар жеткілікті еді, биыл бұл көрсеткіш 90 миллион долларға көтерілді.  

Елдегі экономикалық дағдарыс, өткен жылғы 20 пайыздық девальвация, мұнай бағасының құлдырауы, орыс рублінің арзандауының  салдарынан отандық өндірістің бәсекеге төзімділік деңгейінің төмендеуі Қазақстанның ең мықты бизнесменіне әсер етпепті. Олар баю үстіне байи түскен. Экономика саласының сарапшылары «мұнде ешқандай сыр жоқ: өткен жылғы қиындықтардың әсері жыл аяғына қарай немесе келесі жылы сезіле бастайды» дейді. 

Биылғы, 2015 жылғы тізімнің басты жаңалығы – отандық олигархтар ішінде біраз жаңа адамдар пайда болды. Биылғы тізімге «Capital Bank Kazakhstsn» акционерлік қоғамының иесі, «Компания «Жол жөндеуші» ЖШС-нің иесі Орифжан Шодиев еніп отыр. Орифжон – Патох Шодиевтің бауыры. Орифжонның бүгінгі байлығы – 180 миллион доллар. Тағы бір жаңа олигарх – «Kazpetrodrilling» Акционерлік қоғамының 70 пайыз акциясының иесі – Яков Цхай. Капиталы – 145 миллион доллар. Тізімдегі үшінші жаңа адам  – «Азия Кредит Банк» Акционерлік қоғамының иесі, «Орал халықаралық әуежайы» Акционерлік қоғамында қомақты үлесі бар үлесі бар жас олигарх – Сұлтан Нұрбол. Капиталы – 113 милион доллар. Тізімге жаңадан қосылған соңғы олигарх – «Line Group» компаниясының негізін қалушы әрі бас акционері – Анатолий Побияхо. Оның байлығы 90 миллион долларға бағаланып отыр, Биылғы жылы бір олигарх о дүниелік болды: марқұм Нұрлан Қаппаров өткен жылғы тізімде ең бай елу адамның 43-і еді. 

Қазақстандағы ең бай елу адамның орта жасы – 48 жасты құрап отыр. Олигархтарымыздың ішінде үш әйел бар: Қазақстан президентінің қызы – Динара Құлыбаева (2,1 миллиард долллар), Айгүл Нуриева (920 миллион доллар) және Софья Сәрсенова (193 миллион доллар). Бұл ханымдардың капиталы ең бай 50 адамның байлығының 13 пайызын құрап отыр. 

Қазақстандағы ең бай 50 адамның 6-ы кәріс ұлтының өкілдері екен. Олардың жиынтық капиталы 2 миллиард 915 миллион доллар. Бұл көрсеткіш кәріс ұлтының Қазақстан экономикасындағы ықпалы орасан зор екенін көрсетіп отыр. Сондай-ақ қазақ еліндегі ең бай 50 бизнесменнің 17-сі қазақтан басқа ұлттың өкілдері екен, олар 50 олигархтың 34 пайызын құрап отыр. Бұл көрсеткіш Қазақстанда барлық ұлт өкілдерінің шағын және орта емес, кең ауқымды ірі бизнеспен шығылдануына барлық мүмкіндік жасалған дегенді аңғартса керек. 

Қазекең «Қайын алма, қатын ал» деп бекер айтпаған екен. Нұрекеңнің күйеу баласы – Тимур Құлыбаев (2,1 миллиард доллар), Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағанбетовтың күйеу баласы – Кеңес Рақышев (684 милион доллар), Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтың күйеу баласы – Ғалымжан Есеновтер (450 миллион доллар) асығы алшысынан түскен күйеу балдар деуге болады. Бұл азаматтардың жалпы байлығы – 3 миллиард 234 миллион долларды құрап отыр. Бұл – не деген байлық, не деген мүмкіндік деңіз. 

Міне Қазақстан экономикасының 12 пайызын бақылап отырған ең бай 50 бизнесменнің құрамы осындай осындай. Сол баяғы: «бай – байға, сай – сайға» құйып жатқан заман.   

Мұрағаттан, 14.05.2015 ж

Субханбердиннің дәуірі аяқталып келе ме?
Бозымбаев бастаған игi iстi Көкiрекбаев неге қоштамайды?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу