Әйелдердің зейнет жасын 58-ден 55 жасқа қысқарту керек - сарапшы

Oinet.kz 30-05-2022 3775

Қазақстанда соңғы жылдары зейнет жасын төмендету мәселесі жиі қозғалып жүр. Sputnik Қазақстан тілшісі Қазақстан еңбек конфедерациясының бас хатшысы Мұрат Мәшкеновпен тілдесіп, халықты мазалайтын мәселеге қатысты пікірін білдірді.

Screenshot_9.jpg

Мәшкенов әйелдердің зейнет жасын 58-ге дейін емес, тіпті 55-ке дейін қысқартуға болады деп санайды. Тек, ең алдымен, бұл мәселені жан-жақты зерделеп, қабылданатын шешімді негіздеу қажет.

"Мәселен, тоғыз баласы бар ананы алайық. Бір сәбиді күтіп-бағу үшін ол үш жыл декретте отырады. Сонда, есептей беріңіз, тоғыз баланы өмірге әкелген ана 27 жыл еңбек нарығынан шығып қалады. Ал ол үшін кім зейнетақы жарнасын төлейді? Ол жұмыс істемейді ғой. Мемлекет тарапынан базалық зейнетақы төленеді. Қазір оның мөлшері 20 191 теңге. Бұл ақшаға қалай өмір сүруге болады? Сондықтан жалпы өз басым зейнет жасын төмендету деген тенденцияны қолдаймын. Бірақ қандай жасқа дейін қысқарту қажет, оны зерделеу керек. Мүмкін 58 емес, 55 жаста жіберу керек шығар", - дейді Мәшкенов.

Сарапшы мемлекет аналарды назардан тыс қалдырмай, қол ұшын беруі керек екенін атап өтті. Өйткені көпбалалы аналардың денсаулығы жыл өткен сайын жақсармайды. Оның үстіне, жас ұлғайған сайын "екі қолға – бір күрек" табу да қиындай түседі.

"Әйел болашақта экономикалық қызметтің қатысушысы болатын ұл-қыздарды дүниеге әкеледі. Олар жұмыс істеп, мемлекетке табыс әкеледі. Яғни, ана елдің демографиялық саясатына ықпал етіп отыр. Сол себепті Отан осы адамдарды дүниеге әкеліп, тәрбиелеген аналарға қамқорлық көрсетуі керек", - дейді еңбек конфедерациясының бас хатшысы.

«Құлақ, тоқылдақ деп мазақ қылған»: Әскерде қаза тапқан сарбаздың анасы әділдік іздеуде
Назарбаев: Ол менің ұлым сияқты еді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу