«Құлақ, тоқылдақ деп мазақ қылған»: Әскерде қаза тапқан сарбаздың анасы әділдік іздеуде

Oinet.kz 30-05-2022 1036

Жамбыл облысында әскери борышын өтеп жүріп, қаза тапқан Ұлықбек Бердішевтің анасы әділдік іздеп жүр. Айтуынша,  әскери бөлімшеге барғанына небәрі 11 күн болған Ұлықбектің аяқ астынан жоғалып кетуі, кейін оның өлі күйде табылуы тегін емес деп хабарлайды “Астана” арнасы.

Screenshot_1.jpg

Ұлттық қауіпсіздік комитеті  Шекара қызметінің қатардағы жауынгері Бердішев шаруа жұмысы кезінде жоғалып кеткен. 19 жастағы жігіт жартаста өз белдігіне асулы күйінде 39 күннен кейін табылды. 

Ресми нұсқа бойынша, курсанттың өліміне механикалық асфиксия себеп болған. Денесіне жарақат ізі болмағаны да хабарланған. Ал Ұлықбектің анасы Орынкүл баласы өзіне-өзі қол салды дегенге сенбейді. Ол баласын "қашқын" дегенге де келіспейтінін айтады. Қашып кеткен күннің өзінде, оған бір себеп болғаны анық дейді.    

"Құлақ" дей ма, "тоқылдақ" деп мазақ қылады екен баламды. Сөйтіп мазақ қылған. Сосын солдат балалардан сұрасам жанындағы жақсы бала еді. Ешкімге тиіспейді жұмсаған жеріне бара береді. Алып кел, шауып кел дегенге ешқандай бір сөз қайтармайды,  жүгіріп кететін бала еді жақсы бала дейді”, –дейді сарбаздың анасы.

Сондай-ақ, Ұлықбек ақша сұрауды да жиілеткенін айтады. Енді азамат болды дегенде ұлынан қапыда айрылып қалған Орынкүл енді шырылдап, әділдік іздеп жүр. Бірақ, оған ешкім құлақ аспай отырған көрінеді. 

Егер зейнет жасын төмендетсек, зейнетақы да аз болады – Министр
Әйелдердің зейнет жасын 58-ден 55 жасқа қысқарту керек - сарапшы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу