Егер зейнет жасын төмендетсек, зейнетақы да аз болады – Министр

Oinet.kz 26-05-2022 6917

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова зейнет жасын төмендету туралы сұрақтарға жауап берді.

Screenshot_12.jpg

"Жалпы зейнетақы жүйесі туралы айтылған кезде сіздер бір нәрсені білгеніңіз жөн. Біз 1998 жылы зейнетақы жүйесін реформаладық. Сол реформаға сәйкес, 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін еңбек өтілі бар азаматтар ғана мемлекеттен еңбек зейнетақысын алады, содан кейін оған қосымша базалық зейнетақы төленеді. Ал егер біз зейнет жасын төмендететін болсақ, онсыз да еңбек өтілі төмендеп келе жатыр, зейнетақы да өте төмен болады", - деді Тамара Дүйсенова Сенатта тілшілерге берген сұхбатында.

Мәди Ахмет: Өмір ғажап сүре білген адамға!
«Құлақ, тоқылдақ деп мазақ қылған»: Әскерде қаза тапқан сарбаздың анасы әділдік іздеуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу