Сайлау алдында жаппай тұтқындау басталды

Oinet.kz 11-03-2022 948

Түркіменстанда мерзімінен бұрын өтетін президент сайлауы кезінде түрлі қызықтар болып жатыр. Доданың ең басты үміткері Сердар Бердымұхамедовтың өңірлерге сапары басталды. Бұл сапар ресми түрде «сайлаушылармен кездесу» деп аталғанымен, өңір басшылары оны президент сияқты күтіп алып жатыр. 

Screenshot_13.jpg

Студент қыздарға дауыс беруге ұлттық киіммен келетін тәртіп енгізілді. Бұл онсыз да қалтасы жұқа, күнкөрісі соңғы уақытта көп нашарлаған қара халыққа қосымша шығын екендігі айтпаса да түсінікті.

12 наурызға белгіленген сайлау қарсаңында билік әртүрлі сылтаулармен кем дегенде 200 адамды тұтқындаған. Тұтқындалғандардың арасында жезөкшелер мен жүйкеге әсер ететін заттарды сататын азаматтар да бар. Соңғы тәуліктерде психотропты заттардың айналымына бақылау күшейтілген.  Құзырла органдар халықтың түнгі уақыттағы қозғалысын да қатаң қадағалауға алған. Мұның бәрі де күні ертең сайлау кезінде болуы мүмкін деген төңкерістердің алдын алу жасалып жатқаны байқалады. 

Ресми мәліметтер бойынша президентікке үміткер ретінде Сердардан бөлек сегіз кандидат тіркелген. Олардың төртеуі партия атынан, қалғандары өз-өздерін ұсынған. Ал Сердар Бердымұхамедовты Түрменстанның Демократиялық партиясы ұсынып отыр. Орталық сайлау комиссиясы кандидатураны 14 ақпанда бірінші болып тіркеді. 

Сарапшылар бұл сайлауда Сердардың жеңіске жететініне күдіктенбейді. Мұны әкенің билікті ұлына тапсыруы деп қарастырған жөн. 

Енді әкімдер халыққа есеп бермейді
Білім министрі оқушыдан балағат сөз естіген мұғалімді жақтады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу