Енді әкімдер халыққа есеп бермейді

Oinet.kz 11-03-2022 3053

Мемлекет басшысы 2019 жылы Түркістанға жасаған сапары барысында «әкімдердің есеп беруі көзбояушылық» деген еді. Араға үш жыл салып, Мемлекет басшысы көзбояушылыққа тоқтам салды. Енді әкімдер халыққа есеп бермейтін болды.

Screenshot_12.jpg Фотода Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев

Оның орнына халықпен кездесу өткізеді.  

-Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізсін, олардың барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар етсін және проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндірсін,-делінген Тоқаевтың шығарған Жарлығында.  

Жарлыққа қарағанда, жарты жылда бір рет облыс әкімінің әр ауданда және облыстық маңызы бар әр қалада кемінде бір көшпелі кездесуін; республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің қаланың әр ауданында тоқсан сайын кемінде бір көшпелі кездесуін; аудан әкімінің әр ауылда, кентте, ауылдық округте, аудандық маңызы бар қалада тоқсан сайын кемінде бір көшпелі кездесуін; облыстық және аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ әкімінің қаланың, ауылдық округтің құрамына кіретін әр ауданда (шағын ауданда), ауылда, кентте тоқсан сайын кемінде бір көшпелі кездесуін; ауыл, кент, қаладағы аудан әкімінің тоқсан сайын кемінде бір кездесуін өткізу көзделген.

Халықпен кездесулер өткізгенге дейін әкімдіктер проблемалық мәселелердің пулын жасау үшін жергілікті қоғамдастық жиналысы және қоғамдық кеңестер мүшелерінің қатысуымен халықтың сұраулары мен ұсыныстарын жинау жөнінде комиссия құрады. Ашық деректердің интернет-порталына және әкімдердің блог-платформасына, сондай-ақ коммуникацияның басқа да нысандарында халықтан келіп түскен сұраулар мен ұсыныстарды жинап, талдайды. Әкімнің халықпен кездесуін өткізу туралы хабарландыру облыс, республикалық маңызы бар қала және астана, аудан, облыстық және аудандық маңызы бар қала әкімі өткізетін кездесу күніне дейін екі апта бұрын; ауыл, кент, ауылдық округ, қаладағы аудан әкімі өткізетін кездесу күніне дейін бір апта бұрын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Халықпен кездесулер өткізгеннен кейін әкімдер  жергілікті атқарушы органдардың, прокуратура және ішкі істер органдарының басшылық құрамымен, мәслихат депутаттарымен, қоғамдық кеңестер мүшелерімен, жергілікті зиялылармен бірлесіп, азаматтарды жеке қабылдау өткізеді. Проблемалық мәселелерді қаржыландыру мүмкіндігін мәслихат сессиясында қарай отырып, жүйеге келтіреді. 

Әкімдіктер мен әкімдер аппараттары кездесулерге мүдделі тұлғалардың ауқымды аудиториясын, оның ішінде мәслихат депутаттарын, партиялар, қоғамдық ұйымдар мен оппозиция өкілдерін тартуы тиіс. 

Яғни, әкімдер енді оппозиция өкілдерімен де санасатын болады деген сөз.

Зеленский НАТО-ның Украинаны сатып кеткенін айтты
Сайлау алдында жаппай тұтқындау басталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу