Сердар Бердымұхамедовтың 9 орынбасары бар

Oinet.kz 31-03-2022 1093

Түркіменстанның президенті қызметіне ресми түрде кіріскен Сердар Бердымұхамедов өзіне дейін президент әрі әкесі Ғұрбанғұлы Бердымұхамедовке өте көп алғыс білдірді. Әрине, өзіне президенттік  тақты мұра ретінде тапсырғаны үшін емес, осы уақытқа дейін мемлекеттік дамуына қосқан аса зор үлесі үшін. 

Screenshot_20.jpg

Түркіменстанның Конститиуциясы бойынша елде президент әрі мемлекет басшысы әрі үкімет басшысы есептеледі. Яғни, президентпен бірге премьер-министрдің міндетін қоса атқарады. Жаңа президент сайланысымен Үкіметтің жаңа құрамы жасақталды. Президент осы жөніндегі қаулысын шығарды. Қаулы бойынша Үкіметте Министрлер кабинетінің 9 орынбасары, 17 министр және 20 салалық ведмостваның басшысы болады. Бұл Бердымұхамедовтың 9 орынбасары бар деген сөз. 

Ұлықтау рәсіміндегі сөйлеген сөзінде Сердар Бердымұхамедов:

-Қаһармандық пен бақыттың дәуірі есептелген біздің Батыр-Аркадағ көптеген жұмыстарды атқарды. Соның арқасында Түркіменстанның халықаралық беделі артты. Оның саяси, әлеуметтік, экономикалық реформалары  жемісті нәтижесін берді. Өзінің көрегендігінің, өз еліне деген сенімі мен махаббатының арқасында ол елімізді серпінді даму жолына түсірді,-деді жаңа президент. 

Аркадағтың тұсында түркімен халқы көптеген экономикалық күйзелістерді бастан кешірді. Азық-түлік тапшылығы жоқшылық пен қымбатшылыққа алып келді. Тіпті қазір халық нан таппай отыр десе де болады. 

Түркімендер Ғұрбанғұлы Бердымұхамедовты «Батыр Аркадағ», «Даңқты Аркадағ» деп атап келген болатын. Сердар Бердымұхамедовті енді не деп еркелетер екен? 

Облыстық мәслихат 50Х50 пайызбен сайланады
1,8 млн теңгеге дейін жалақы алатын министр, әкімдер мүлде шағымданған жоқ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу