Сердар Бердымұхамедовтың 9 орынбасары бар
31-03-2022
Түркменстанның бұрынғы президенті, пайғамбар жасына толған соң тақты өзінің ұлы Сердарға босатып берген Ғұрбанғұлы Бердымұхамедов ақсақал атанды.
Дәлірегі экс-президент Түркі кеңесі ұйымының Ақсақалдар кеңесінің мүшесі атанды. Аркадағтың қазір ел Парламенті-Ұлттық Кеңестің жоғары палатасы-Халық мәслихатының төрағасы қызметін атқаратыны белгілі. Яғни, ол тақтан түссе де төрден түскен жоқ.
Айта кетері, 2019 жылы ел Тәуелсіздігінің 28 жылдығына орай Аркадағқа қарапайым азаматтардың өтініші бойынша «Халықтың құрметті ақсақалы» деген атақ берілген болатын.
Түркі кеңесі ұйымының хабарлауынша, Ақсақалдар кеңесі консультативті орган болып табылады. Оның құрамына Бердымұхамедовтың енуі Кеңесті оның даналығымен, білімімен, тәжірибесімен байыта түседі екен.
Қайбір жылдары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Түркі Кеңесінің Құрметті Төрағасы» мәртебесін иеленгені осындайда еске түседі.
Түркіменстан Түркі кеңесіне былтырдан бері бақылаушы ретінде қатысып келеді.