Ресей мен Украина әлі татуласа алмады

Oinet.kz 08-03-2022 1197

7 наурызда Ресей мен Украина арасындағы үшінші келіссөз аяқталды. Келіссөз Беларусь жерінде өткен.

Screenshot_8.jpg

Келіссөз жабық түрде өткен және үш сағаттан аса уақытқа жалғасты. Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк гуманитарлық дәліз мәселесінде алға ілгерлеу бар екенін айтты. 

"Гуманитарлық дәліздер логистикасын жақсарту мәселесінде оң нәтиже бар", - деп жазды Подоляк өз Twitter парақшасында. 

Оның сөзінше, адамдарға көмек көрсету сапасын жақсарту үшін гуманитарлық дәліздерге өзгерістер енгізіледі. 

Ал Ресей президентінің көмекшісі Владимир Мединский Украина аумағындағы гуманитарлық дәліздер сейсенбі, 8 наурыздан бастап іске қосылады деп үміт білдірді. Айтуынша, бұған дейін Украина қарулы күштері жұмыс істегендіктен, дәліздер іске қосылмаған.

"Біз нақты сауал қойдық. Ертеңнен бастап дәліздер іске қосылады деп үміттенеміз", - деді Мединский. 

Ресей делегациясының мүшесі, Мемлекеттік дума басшысының орынбасары Леонид Слуцкий келіссөз нәтижесінде бейбіт тұрғындарды гуманитарлық дәліз арқылы шығарылатынына сенім білдірді.

"Біз бұл тақырыпты егжей-тегжейлі талқыладық. Бүгін нақты бағыттарды, географиялық атаулармен қарастырдық. Алдағы уақытта адамдарды шығару талпынысы тез әрі сәтті болады деп сенеміз", - дейді Слуцкий. 

Өзге сұрақтар

Слуцкийдің сөзінше, үшінші келіссөз кезінде Украинаның бейтараптық мәртебесі, орыс тілі мәселесі де қарастырылған. 

"Орыс тілі мәселесі және әскерді жою, бейтараптық мәртебесімен байланысты сұрақтардың барлығы талқыланды", - деді Слуцкий "Россия-24" арнасына берген сұхбатында.

Түркия Президенті Эрдоған Путинге моральді қолдау көрсетті
Тоқмади Мәсімов туралы шындықты айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу