Әсет Исекешев Президент көмекшісі болып тағайындалды
Әсет Исекешев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
"Әсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы лауазымынан босатылсын", - делінген жарлықта.
Исекешев 2020 жылғы 16 қаңтарда Президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметіне тағайындалған болатын.