Жаңа ішкі істер министрі тағайындалды
Марат Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі болып тағайындалды. Осы жөніндегі Президент Жарлығы Ақорданың сайтында жарияланды.
Марат Ахметжанов бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымын атқарып келген болатын.
Мемлекет басшысының өкімімен бұған дейінгі Ішкі істер министрі Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды.