Ресми: Кентау қаласының әкімі аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді

Oinet.kz 25-02-2022 753

Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Түркістан облысы Кентау қаласының әкімі «М.Д.» - ға қатысты аса ірі көлемде пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі ресми түрде хабарлады. 

Screenshot_1.jpg

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Түркістан облысы Кентау қаласының әкімін әшкереледі, ол 2022 жылғы 23 ақпанда өзінің сенімді тұлғалары арқылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында аталған қалада автокөлік жолдарын жөндеумен айналысатын серіктестік директорынан 98 500 АҚШ доллары (42 млн 500 мың теңгеге баламалы) сомасында пара алған. 

Қазіргі уақытта күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Жаңа ішкі істер министрі тағайындалды
Зеленский Путиннің ұсынысына келісімін берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу