Ғизат Нұрдәулетов Бас Прокурор қызметінен босатылды
Ғизат Нұрдәулетов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
"Ғизат Дәуренбекұлы Нұрдәулетов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы лауазымына тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Бас прокуроры лауазымынан босатылсын", - делінген жарлықта.
Ғизат Нұрдәулетов 2019 жылы наурызда Бас прокурор болып тағайындалған болатын.