Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі нота жібергеннен кейін Ресей депутаты Вячеслав Никонов жағдайға түсініктеме берді деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
«Мен Қазақстан Республикасының шекарасына айналған Қазақ КСР-нің шекараларын анықтағанда Қазақстанның мүдделері толығымен сақталды деп есептеймін. Бұл менің «Большая игра» бағдарламасында айтқаным. Мен осы мүмкіндікті пайдаланып, бауырлас Қазақстан халқына тағы да жылы лебізімді білдіремін», - деп жазды Никонов.
Дегенмен РФ Думасы депутаты қазақ халқынан ашық кешірім сұрамады. "Жылы лебізімді білдіремін" деп сырғытпа түсінік берді. Қазақстандықтар депутаттан кешірім сұрағанын күтіп еді.
Еске салайық, ресейлік телешоулардың бірінің эфирінде Ресей мемлекеттік думасы білім және ғылым комитетінің басшысы Вячеслав Никонов «Қазақстан территориясы - Ресей мен Кеңес Одағының керемет сыйлығы» деді.
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі бұл мәлімдемеге қазір наразылық білдірді. Департамент басшысының орынбасары Ресейдің уақытша сенімді өкілі Александр Комаровпен кездесті. Нота ресейлік дипломатқа тапсырылды.