Оңтүстікте ана мен бала өлімі азаймай отыр

Oinet.kz 19-03-2019 873

Screenshot_1.jpg

Облыста ана мен бала өлімі әлі азаймай отыр. Қайғылы оқиға орын алғанын айтып редакциямызға хабарласушы оқырмандар көп. Бұған байланысты айқай-шу тым қатты өршіп кеткендіктен бірнеше бас дәрігерді жазықты-жазықсыздығын дұрыстап елеп-екшеп жатпастан  оларды қызметінен босатып, ал өзі ең болмаса ескерту де алмағанына арланбай жүрген облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Жұмағали Исмаиловқа облыс әкімінің бұйрығымен сөгіс жарияланғанына көп уақыт өте қойған жоқ. Сенімді ақпарат көздеріне сүйенсек  «отқа салса батпайтын, суға салса жанбайтын» Исмаиловқа «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 28-бабының 1-тармағына және Мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану ережесінің 12 тармағына сәйкес ведмостваға қарасты ұйымдардың атқарушылық тәртібіне бақылауды әлсірету арқылы өзіне жүктелген міндеттерді тиісті дәрежеде атқармағаны үшін» сыбағасына сөгіс бұйырыпты. «Рейтинг» газетінде облыстың денсаулық саласының былық-шылықтары дүркін-дүркін жазылып жүрсе, бұл жолы Исмаиловтың тәртіптік жазаға тартылуына «Сарыағаш ауданы Абай ауылындағы ауруханада  дәрігерлердің кінәсінен 8 айлық нәрестенің шетінегені себеп болған»деген ақпарат алдық. Дәл осы аудандағы бір ғана  орталық емханада екі жарым жылдың ішінде алты бірдей бас дәрігердің ауысып, кадрлық сапарылыс жасалғанын «Рейтинг» жан-жақты жазған болатын.  

Жалпы, кадрлық сапырылыс дегеннен шығады,  соңғы екі-үш жылдың көлемінде денсаулық саласының жұмысын үйлестіру облыс әкімінің төрт бірдей орынбасарына кезек-кезек жүктеліп, қолдан қолға ауысты. Солардың қайсыбіреуімен де басқарма бастығы Жұмағали Исмаиловтың «басы піспей»,  субердинацияның сақталмауы, өзіне билік жүргізуге құқылы адаммен түсініспей айтысып-тартысудан да тайынбай келгені талай жайтты айтпай-ақ аңғартпай ма? Айталық, кезінде облыс  әкімінің орынбасары Қайназаров үшін Исмаилов «отырса опақ, тұрса сопақ» кадр болды. Одан кейін осы салаға жауапты болған  «замаким» Сәкен Қаныбековпен де оншалықты сыйыспағаны, қаншалықты сыйласып жұмыс істегені жұртқа мәлім. Жұмағали Исмаиловтың өзінен құзіреті жоғары, тікелей тапсырма жүктеуге құқылы басшымен жағаласуы, ашық айтысып, тартысуы «замаким» Әли Бектаев осы сала жұмысын үйлестірген тұста  әбден өршіп кеткені жасырын емес. Енді міне, қай саланы қадағаласа да қатаң тәртіп орнатып үйренген «замаким» Болатбек Әлиевтің ықпалымен «дербес патшалық» құруға құмар Исмаиловтың  сөгіс алғанының астарында не жатыр? Облыс әкімі Асқар Исабекұлының денсаулық саласындағы жағдай ушыққаны соншалық шегінетін жер қалмағанын, арға, заңға сыймайтын әрекеттермен шектен шығу артпаса азаймағанын шындап түсіне бастап нақты шара қолдануға көшкені ме? Ендеше  Исмаиловқа ақыры тықыр таянды дейміз бе, әлде бұл де кезекті астарлы, қулығына құрық бойламайтын саяси ойын салдарынан туындаған елді алдау, ішкі бақай есеп пе? Әліптің артын бағалық. 

Мұрағаттан, 24.05.2012 ж

Оңтүстікте кәсіпкерлердің құқығы тапталып жатқанын құзырлы органдар растап отыр
«Қызметкерінің қателігі үшін бірінші басшының мәселесі қаралады»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу