Болат Назарбаевтың басынан бақ ұшты
19-04-2023
Жамбыл облысында тіркелген 41 базарда 12 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Тұрғындар тауарларды негізінен базардан сатып алады. Мәселен, анрайы жүргізілген сауалнама нәтижесінде азық-түлік тауарлары көлемінің 64 пайызы, азық-түлік емес тауарлар көлемінің 73 пайызы, техникаға қажетті бөлшектердің 81 пайызы және құрылыс материалдарының 85 пайызы базарлардан сатып алынатыны анықталған деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Тұтынушылары көп болғанымен базарлардағы қызмет көрсету заманауи талаптарға сай болмай отыр.
«Барлық базарлар өртке қарсы, сәулеттік, санитарлық, экологиялық және басқа да талаптарға сай болуы тиіс. Бірақ бірде-бір базар иесі бұған нақты жауап бере алмайды. Сауда ашық жерде жүргізілуде, өрт гидранттары көрінбейді, өрт сөндіру машиналары еркін өте алмайды. Базар иелері сатып алушылар мен саудагерлерге де жайлы және қауіпсіз жағдай жасауды ойға да алмайды. Ал, мемлекеттік органдар ешқандай мәселе жоқ секілді бейқам, тіпті, бұл жағдайдағы тәртіпті реттеуге тырыспайды», - деп ашуланды облыс әкімі Бердібек Сапарбаев әкімдікте өткен жиында.
Сондай-ақ облыс жауапты мекеме басшыларына ешқандай сылтау қабылданбайтынын, барлық базарлар тезірек ретке келтірілуі керектігін ескертті. Төтенше жағдайлар және мемлекеттік кірістер департаменттері бұл жағдайларға бас ауыртпайтынын баса айтты. Облыс әкімінің тапсырмаларының орындалуын арнайы мобильді топ қадағалап отыруы тиіс. Басқосуда аймақ басшысы азық-түлік қауіпсіздігі мәселесіне де айрықша көңіл бөлді.
" Диқандар мол өнім жинады. Бірақ оларды сақтайтын орын жоқ. Сондықтан өнімдер қазір басқа аймақтарға арзан бағада сатылуда. Ал ішкі нарық толығымен қамтылды деп айта алмаймыз. Ауыл шаруашылығы басқармасы жағдайды бақылай алмай отыр", - деп облыс әкімі басқарма жұмысын сынға алды.
Сондай-ақ Б.Сапарбаев азық-түлік тапшылығы мен бағаның өсуіне жол бермеу үшін шаралар қабылдауды тапсырды.