Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Алматы облысы Қарасай аудандық сотының шешімімен Болат Назарбаевтың иелігінде болған “Барыс” көлік базары қайтарылды.
Сот шешімімен жалпы көлемі 37,6 гектар жер телімдерін (“Барыс” автобазары) сатып алу және сату шарттары жарамсыз деп танылған. Соттың баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге қарағанда, даулы мәселеге қатысты шешім 17 сәуірде жарияланған.
Қарасай ауданы прокуратурасының жер телімдерін сату туралы шарттарды жарамсыз деп тану талап-арызы қарастырылды. Нәтижесінде, судья Ахметова талап арызды қанағаттандырған.
Естеріңізге сала кетейік, прокуратура, жергілікті әкімдік және Болат Назарбаев арасындағы жер меншігіне қатысты іс наурыз айының соңында басталған еді. Деректерге сүйенсек, 2004-2019 жылдар аралығында жер телімдерін сату бойынша 7 келісімшарт жасалған. Мемлекет жерлері әр уақытта Қарасай ауданы, Қаскелең әкімдігі және аудандық жер қатынастары бөліміне берілген. Алайда жер телімдерін беру кезінде өрескел заңбұзушылықтар болған. Сондықтан прокурорлар сатып алу, сату келісімдерін жарамсыз деп танып, жерді қайтадан мемлекет меншігіне қайтару жөнінде сотқа талап арыз берген. Болат Назарбаевтың басынан бақ ұшты десек қателеспейтін сияқтымыз. Бұған дейін оған тиесілі басқа да жерлердің мемлекетке қайтарылғаны мәлім болған.