Шөкеевтің Президент болуға «шансы» бар

Oinet.kz 31-03-2011 856

Screenshot_16.jpg

Қазақстанды Нұрсұлтан Назарбаевтан кейін кім басқарады? Қазір осы сауал төңірегінде сарапшылар арасында пікірталас қызу жүріп жатыр. Соларға құлақ түріп, ізбасарлыққа үміткерлердің командасын тағы бір түгендеп шыққанды жөн көріп отырмыз. Сонымен кім дейсіз бе?

 Үміткерлердің қатарына бұл жолы  Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, премьер Кәрім Мәсімов, Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығметуллин және Үкімет жетекшісінң бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев аталды. Ал бұған дейін үміткерлердің бел ортасында жүрген Біріккен Ұлттар Ұйымына кеткен  Қасым-Жомарт Тоқаев пен Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов тізімнен түсіп қалыпты. 

Болашақ ізбасар Елбасының ақ батасын алуы міндетті. Ал, «жауырыншылар» кейінгі кезде мемлекет басшысы мен И.Тастамағбетовтың арасында салқындық бар дейді. «Нұр Отанның» соңғы өткен съезінде Тасмағамбетовтың партияның басшылық жүйесіне кірмей қалуы да осыған байланысты көрінеді. 

Нұрлан Ниғматуллин. Елбасының осы жолғы сайлаудан кейін партиялардың ролі күшейтетінін бірнеше рет айтты. Яғни қазір биліктің партиясы «Нұр Отанды» билеп-төстеп жүрген Н.Нығматуллин ізбасарлыққа таптырмайтын кандидат көрінеді. Бірақ жүз пайыз деуге болмайды. 

 Үкімет башылығында тапжылмастан төрт жыл бойы отырған Кәрім Мәсімов те Елбасының сенімді серіктерінің бірі саналады. Бірақ Мәсімовтың да «миунстары» көп. Мемелкеттік тілге деген шорқақ. Оның үстіне түбі жергілікті ұлттан емес. Шетелдік сарапшылар тіпті, Мәсімов президенттік тақ бұйырмаса шетелге кетіп, бизнеспен айналысады деген сәуегейлік жасапты. 

Президентікке басты фавориттердің тағы бірі Әділбек Жақсыбековтың де бір кемшілігі қазақ тілін білмейтіндігі. Шамасы Ә.Жақсыбековтың мемлекет басшысы болуға емешегі үзіліп те жүрмеген көрінеді. Тәп-тәуір бизнесі бар ол келешекте кәсіпкерлік салаға біржолата ауысып кетуі мүмкін көрінеді. 

Былтыр күзде «Елбасымен арада ыңғайсыз жағдай болыпты, тіпті үйқамақта отыр» деген Өмірзақ Шөкеев президентікке кандидаттардың көшін бастап тұрғаны таңқаларлық. «Ө.Шөкеев халқы көп оңтүстіктен шыққан, сондықтан оған дауыс берушілердің қарасы мол болады. Басқа кандидаттармен салыстырғанда қазақылығы тәп-тәуір, әкімдік креслода бір емес үш рет отырған. Елорданы басқарған. Бар-жоғы 30 жасында-ақ Әкежан Қажыгелдиннің командасында Экономика министрі қызметін атқарған Ө.Шөкеев қазір премьердің бірінші орынбасары болып істейді. Мұндай дәрежеге Елбасының қолдауынсыз жетуі мүмкін емес. Жасы биыл 47-ге толатын Шөкеевтің Елбасының саясатын одан әрі алып кетеніне ешкім күмәнданбайды. Оның оппозициямен ымырашылдығы да көп роль ойнайды. Егер ол президент болса Ораз Жандосов, Жанат Ертілесова, Мұхтар Әбіләзов сияқты «жер аударылған» саясаткерлер билікке қайта оралуы мүмкін. Ал Ө.Шөкеевтің жан досы Сауат Мыңбаев мемлекеттегі екінші тұлға атануы мүмкін» депті сарапшылар. Кім біледі, бәрі де мүмкін. 

Бұған өз тарапымыздан қосарымыз Ө.Шөкеевтің үміткерлерікке келіспей тұрған бір жері бар. Ол--премьерлік. 3 сәуірден кейін болатын ауыс-түйісте Елбасы бұл «олқылықтың» орнын осы жолы толтырып жатса таңқалуға болмайтын шығар. 

Oinet.kz мұрағатынан

b63ecb248f806591801af9eae8c848ce.jpg

Полат Қырықбаевтың сұхбаттан бас тартқаны жауапкершіліктен қашқаны ма?
Келесі премьер кім?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу