Жеке журналисті жазалау үшін тұтас газетті жауып тастады

Oinet.kz 13-01-2011 1025

e941b501c79a8f4945f4090759c.jpg      

Шардара ауданының әкімі Марғұлан Марайым мен аудандық «Шардара тынысы» газетінің бас редакторы Жұмабек Мұқановтың арасында шатақ   өршіп тұр. Әкім мен журналистің  тіл табыса алмаған текетіресінің ақыры неге барып тірелді деймісіз. 

    Шағалалы һәм қазір шатағы көп боп тұрған ауданның әкімі Марғұлан Марайым ұсыныс хаттама негізінде 2010 жылдың 6 желтоқсанында «Шардара тынысы» газетінің бас редакторы Жұмабек Мұқановты жұмыстан босатты. Аудан әкімдігі мұнымен қоймай 41 жылдық тарихы бар, бірнеше мыңнан астам тиражы мен орнықты оқырманға ие «Шардара тынысы» газетін де жауып тастады.  Бас редакторға тағылған кінә табысы туралы салық органдарына құжат тапсырмаған. Жұмабек Мұқановтың айтуынша бас редактор лауазымында 28 жыл қызмет атқарған болса, сол уақыттан бері бірде-бір рет салық орындары одан мұндай құжат тапсыруды талап етпеген.  Әрісі бас редактордың салық декларациясын тапсыруы міндетті емес екен. Бірақ аудан әкімдігінің бұл мәселедегі ұстанымы басқаша. «Аудандық газеттің бас редакторы мемлекеттік қызметкерге теңестірілген, сондықтан «Сыйбалас жемқорлық туралы заң» талаптарын орындауы тиіс» дейді ондағылар.  Әрине бұл жәйттің заңдылығын таразылап,  төрелік айтатын біз емес.  Ондай құзыретіміз де жоқ. Айтпағымыз, Жұмабек Мұқановтың да ақылға қонбайтын артық қадамдары бар шығар. Дей тұрсақ та аудан әкімдігінің «қаһарына» ілігуіне жергілікті билік тарапынан жәбір көрген, әділдік іздеген азаматтардың мәселесін журналист ретінде газет бетінде көтеріп, олардың мәселесінің оң шешімін табуына ықпалын тигізуі  себеп болды деген  пікірдің салмағы ауырлау һәм шындыққа жанасымды деп санайды көпшілік. Өйткені бұған Ж. Мұқановтың аудандық газет бетінде Марғұлан Марайымның және әкімдіктің кейбір бұрыс істерін, солақай реформаларын сынап жазған мақалалары дәлел. Жалпы кейінгі кездері өзіне қарата айтылған сынға биліктің ер-тоқымын бауырына алып тулауы үйреншікті жәйтке айналып барады. Бірақ Марғұлан Марайымның жеке журналисттің шығармашылығына тұсау салу үшін елдің шарайнасы іспетті аудандық басылымды жауып тастауы ешбір қисынға келмейтіні анық. Газетті жабу-елдің пікірімен санаспау. Оқырман аталатын қарапайым бұқараны  сыйламау демеске шарамыз жоқ. 

oinet.kz мұрағатынан

0d79983a0d0343a18d1c26f5c31f5a81.jpg

Президент тапсырмасын Түркістан облысының әкімі де орындады
Директорлық креслоның «құны» 20 мың доллар ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу