Эмомали Рахмон «жоғалып» кетті

Oinet.kz 14-05-2020 1374

Тәжікстанның президенті Эмомали Рахмон «жоғалып» кетті. Көпшіліктің алдына ол 17 сәуірден бері шықпаған. Президенттің көрінбей кетуі карантинмен байланысты емес сияқты. Ел арасында қазір осыған қатысты қаңқау сөздер тыйылмай тұр. 

Screenshot_10.jpg

Сол 17 сәуірде депутаттар президенттің ұлы Рустам Эмомалиді Парламент жоғары палатасының төрағасы етіп сайлаған. Кездейсоқтық па? Жоғары палатаның төрағасы елдегі екінші адам саналады. Егер президент олай-бұлай болып кетсе, Ата заңға сәйкес жоғары палатаның төрағасы президентің міндетін атқаруға кіріседі. Рустам Эмомали қазірдің өзінде президенттің міндетін атқарып жүрген сияқты. 

Дәл қазір коронавирус Тәжікстанда күшейіп тұр. Қауіпті індетті ұзақ уақыт бойы жолатпаған тәжіктер бірден тізе бүкті.  Ресми мәлімет бойынша індеттен 5 адам індеттен көз жұмған. Ауру жұқтырғандардың саны 293-ке жетті. Бірақ көпшілік бұл цифр шындығында бұдан әлдеқайда көп деп есептейді. Өйткені ауруханаларда жатқан науқастардың көптігі сондай, дәрігелер жаңа ауруларды қабылдаудан бас тартуға көшкен. Кейбір ақпараттарға қарағанда, Тәжікстанда тәжвирусті жоғары лауазымды шенеуніктер де жұқтырған. 

4 мамырда Рустам Эмомали коронавирус жұқтырғандар  жатқан уақытша ауруханаға барып,  жағдаймен танысқан. Дәрігелерге біратар уәделер беріпті. Бұған дейін Рустам мұндай шараларға әкесінің қатысуымен ғана шығатын. 

Ел арасында Эмомали Рахмонның денсаулығы нашарлап, ем қабылдап жатқаны турпалы әңгімелер айтылуда. Сыртта жүрген оппозиция өкілдері президенттің шетелге емделуге кеткенін хабарлады. 5 мамырда президентің кеңесшісі Абдуджабор Рахмонзода президенттің жұмыс орнында екендігін және коронавирус індетінің таралуына жол бермеу мәселесімен шұғылданып жатқанын мәлім етті. Алайда президентің өзі көрсетілген жоқ. Яғни, күдік-күмән сейілмей тұр. 

Қызметкерлерінің 95 пайызы «әділ емес» деп бағалаған басшы орнында қала бере ме?
Сардобаның төңірегінде құпия көп
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу