Назарбаев: «Біз қазақ тарихы Қазан төңкерісінен басталады деп сендік»

Oinet.kz 18-02-2020 1025

Қазақстан Республикасы тұңғыш президентінің Іnstagram парақшасында қазақ тарихына байланысты Елбасының пікірі жарияланды, деп жазады Oinet.kz порталы BAQ.KZ-ке сілтеме беріп.

Н.Нұрсұлтан.jpg

Менің замандастарым, одан кейінгі ұрпақ қазақ тарихы Қазан төңкерісінен басталады деп есептедік. Біз үшін қазақтың басқа тарихы болмағандай еді. Алайда қазір оны терең зерттеуіміз қажет. Біздің ата-бабамыз – ғұндар, одан жақындау келсек – Ұлы Түрік қағанаты. Біздің жеріміз әрқашан сол мемлекеттердің орталығы болған. Сондай-ақ, Алтын Орда мемлекеті бар. Осының барлығын қорытындыласақ біздің тарихымыз екі мың жылға жалғасады. Алуан түрлі заманды бастан өткере отырып, біз өз тілімізді, дінімізді және өзіндік ерекшелігімізді сақтай алдық. Біз жастарымызды осы рухта тәрбиелеуіміз керек, - деп жазды Елбасы. 

Коронавирустан қаза болғандар саны 2 мыңға жетті
Қырғызстан азаматы covid-19 вирусын жұқтырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу