Коронавирустан қаза болғандар саны 2 мыңға жетті

Oinet.kz 18-02-2020 801

Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны 72436-ға жетті. 

Картинки по запросу "коронавирус"

Сонымен қатар, бір тәулікте 98 адам Covid-2019 коронавирусының құрбанына айналды. Ал жалпы көз жұмғандар саны 1868 адамға жетті.
Бұл туралы ҚХР денсаулық сақтау мәселелеріне жауапты мемлекеттік комитеті хабарлады.

Мемлекет бойынша вирус жұқтырған 72 мыңнан астам адам анықталды. 12,5 мыңнан астам ауруынан айыққан. 

Айта кетейік, 2019 жылдың 31 желтоқсанында Қытай үкіметі Ухань қаласында пневмония ауруының тарағаны туралы хабарланды. Кейіннен аурудың қоздырғышы Covid-2019 коронавирусы екені белгілі болды.

Асқар Мамин сауда және интеграция министріне бірқатар тапсырма берді
Назарбаев: «Біз қазақ тарихы Қазан төңкерісінен басталады деп сендік»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу