Асқар Мамин сауда және интеграция министріне бірқатар тапсырма берді

Oinet.kz 18-02-2020 1044

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановқа электронды коммерцияны дамытуға бағытталған бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме берген Oinet.kz

Асқар Мамин.jpg

«Электронды коммерция экономиканың ең қарқынды дамып келе жатқан сегменттерінің бірі саналады. Тауарлар мен қызметтерді Интернет арқылы сатып алатын адамдар саны жыл сайын өсіп келеді. Әдеттегі дүкендерге қарағанда бұл оңай әрі арзан. Қызметтер мен тауарларлары Интернет арқылы рәсімдеу жаңа жұмыс орындарын құрады. Біздің белсенді онлайн сатып алушылардың саны қарқынды дамуда. 2018 жылы 2,3 млн адам болса, өткен жылы бұл көрсеткіш 3,2 млн адам жетті және онлайн сатып алушылардың саны қарқынды өсіп келеді. Бұл әлемдік трендке толық сәйкес», - деді Үкімет басшысы. Осыған байланысты Премьер-Министр бірқатар мәселеге тоқталып, Сауда министріне нақты тапсырмалар жүктеді. 

«Бірінші, қазақстандықтар тауарларды шетелдік интернет дүкендерден белсенді түрде сатып ала бастады. Ал отандық өндірушілер әлемдік онлайн алаңдарға шыға бастады. Осы бағыттағы белсенділікті арттыру керек. Сауда министрлігіне электронды алаңдар арқылы өнімдерімізді экспортқа шығару шараларын әзірлеуді тапсырамын. Екінші, электронды сауданы дамыту үшін тиісті инфрақұрылым қажет. Республиканың ірі қалаларының бәрінде көлік-логистикалық орталықтардың әлеуетін арттыру керек. Сауда министрлігі Цифрлық даму министрлігімен бірге инфрақұрылымды дамыту тетіктерін әзірлеп, іс-шараларды Электронды коммерцияны дамыту жөніндегі 2025 жылға дейінгі жол картасына қоссын», - деді Асқар Мамин. 

Үшіншіден, Үкімет басшысы электронды коммерцияның қарқыны дамуына байланысты жаңа мамандықтар шығып, жұмыс орындарының саны өсіп келе жатқандығына аударды. 

«Сондықтан Қазақстанның ірі қалаларында E-commerce орталықтарының базасында оқытуды қолға алу керек. Сауда, Білім, Цифрлық даму министрліктері және «Қазпошта« АҚ сұранысқа ие мамандықтарды оқыту мен қайта дайындау бойынша жұмысты жалғастырып, электронды сауданы жүргізуге назар аударуы тиіс. Жалпы, Сауда министрлігіне бір апта мерзімде электронды коммерцияны дамыту жөнінде жол картаны бүгінгі айтылған тәсілдерді ескере отырып жаңартуды тапсырамын», - деді ол.

Түркістан соты министр Абаевтың шағымын қанағаттандырмады
Коронавирустан қаза болғандар саны 2 мыңға жетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу