Қырғызстан азаматы covid-19 вирусын жұқтырды
Шет елдің БАҚ өкілдері карантинде тұрған Diamond Princess круиздік лайнерінде Қырғызстан азаматы да коронавирус жұқтырды деген мәлімет таратып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24» порталына сілтеме берген Oinet.kz.
Бұл ақпаратты Жапонияның Денсаулық сақтау министрлігі де растады. Жалпы бортында шамамен 3 мың 700 жолаушысы бар лайнерден 455 адамға осы диагноз қойылды. Су көлігі карантиннен ертен шығады деп күтілуде. Естеріңізге салайық, бұған дейін ресейлік азаматтан да осы диагноз расталғанын хабарлаған болатынбыз.