Иран Президенті «адам қателігінен» болған апатқа қатысты пікір білдірді

Oinet.kz 11-01-2020 1161

Иран Ислам Республикасының президенті ұшақ жарылысынан қаза тапқан адамдардың отбасына көңіл айтып, кінәлі әскерилерді жазалауға уәде берді. Бұл туралы ол twitter-де жазды, деп хабарлайды OINET.KZ.

Картинки по запросу роухани

Роухани ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып, өкінішін жеткізді.

«Иран Ислам Респубикасы қателіктен болған апат үшін қатты өкінеді», - деп жазды ол.

Сонымен қатар, ол украиндік ұшақтың апатқа ұшырауына жол берген әскерилерді қатаң жазалайтынын және қаза тапқандардың отбасына өтемақы берілетінін жеткізді.

Бұған дейін Украина ұшағын Иран қарулы күштері байқаусызда атып құлатқанын хабарлағанбыз.


Жаңа үлгідегі жүргізуші куәлігі 2020 жылдың 1 наурызынан беріле бастайды
Алматы маңындағы ұшақ апатынан зардап шеккен балалар ауруханадан шықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу