Алматы маңындағы ұшақ апатынан зардап шеккен балалар ауруханадан шықты

Oinet.kz 12-01-2020 895

Алматы маңындағы ұшақ апатынан зардап шеккен балалардың барлығы ауруханадан шығарылды. Бұл туралы Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы міндетін атқарушы Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді, деп хабарлайды OINET.KZ.

Похожее изображение

Ұшақ апатынан 9 бала түрлі диагнозбен стационарларға жеткізілген болатын. Дәрігерлер екі балаға жоғары технологиялық ота жасады. Операция сәтті өтті. Жуырда Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығында жатқан екі бала амбулаторлық емге жіберілді.

"Қазір Алматы стационарларында, Алматы көпбейінді клиникалық ауруханасы мен Нұр-Сұлтан қаласында апаттан зардап шеккен 16 ересек адам ем қабылдап жатыр", - деп мәлімдеді басқармадан.

Трагедия болған күні барлығы 52 пациент, соның ішінде 9 бала ауруханаға түскен.

Нұр-Сұлтанға ұшпақшы болған Fokker-100 жолаушылар ұшағы 27 желтоқсанда таңғы сағат 07.21-де Алматы түбінде апатқа ұшырады. Бортта 98 адам болған, оның ішінде тоғыз бала және бес экипаж мүшесі. Апат салдарынан 12 қазақстандық көз жұмды.

Алматы түбіндегі ұшақ апатының себептерін зерттеген үкіметтік комиссия өз жұмысының қорытындысын жариялады. Әуе кемесінің апатқа ұшырауына ұшақтың сыртына мұздың қатып қалуы себеп болған. Ұшақ тұрақта екі тәулік тұрған.


Иран Президенті «адам қателігінен» болған апатқа қатысты пікір білдірді
Үкімет ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасыларына 200 мың гривеннен төлейтінін айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу