Үкімет ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасыларына 200 мың гривеннен төлейтінін айтты
Украинаның министрлер кабинеті Ирандағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына көмек ретінде 200 мың гривеннен (3 157 855 теңгеден) төлейді.
Бұл туралы мемлекеттің премьер-министрі Алексей Гончарук Украина халқына жасаған үндеуінде айтты, деп хабарлайды baq.kz сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ.
- Үкімет Ирандағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасыларына 200 мың гривеннен төлейді, сонымен қатар Монреаль конвенциясына сәйкес сақтандыру төлемдерінің дұрыс жасалуын қадағалайды... Украинаның халықаралық әуежолдары (МАУ) компаниясы ұжымдық келісімшартқа сәйкес экипаж мүшелерінің отбасыларына өтемақы төлейтін болады, - деді Үкімет басшысы.
Ол мемлекет тарапынан заң және қаржылай тұрғысынан жан-жақты көмек пен қолдау көрсетілетініне сендірді.
Гончаруктің айтуынша, украиндық дипломаттар Иран тарапынан да өтемақының төленуін қадағалап жатыр.