Шымкентте жүк пойызының 18 вагоны рельстен шығып кетті

Oinet.kz 12-05-2023 628

Шымкентте жүк пойызы рельстен шығып, 18 вагоны аударылып кетті.  Аталған жағдайға байланысты "Алматы-Маңғыстау" бағытындағы №77 жолаушылар пойызы 1 сағат 15 минутқа кідірген, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_7.jpg

Шымкент төтенше жағдайлар департаментінің кезекші-диспетчерлік қызметіне 11 мамырда сағат 16:37-де ҚТЖ кезекші қызметінен хабарлама түскен. Абай ауданындағы "Игілік" аралығында Игілік-Бадам темір жолының 3 266 шақырым учаскесінде 18 вагон, оның ішінде 17 бос вагон бүйіріне аударылып кеткені хабарланды.

"Вагондар "Шымкент-Арыс" бағытындағы №2489 жүк пойызының құрамында (жалпы саны 57 вагон) болды. Салдарынан әуе электр желілерінің 11 тірегі зақымдалған, темір жол төсемі ішінара зақымданған. Аталған стансада вагондардың істен шығуына байланысты "Алматы-Маңғыстау" бағытындағы №77 жолаушылар пойызы 1 сағат 15 минутқа кідірді. Қазіргі уақытта пойыздардың қозғалысына әсері жоқ", - делінген хабарламада.

Павлодар облысында өртенген үйден 11 жастағы оқушы өлі табылды
Медеуде қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына 13 миллион төленеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу