Павлодар облысында өртенген үйден 11 жастағы оқушы өлі табылды
11 мамырда сағат 02:03-де Павлодар облысы Успен ауданы Галицкое ауылында 5 бөлмелі кірпіштен салынған жеке үй өртенді. Құтқарушылар өртті сөндіріп болған соң 11 жастағы баланы өлі тапқан, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Tengrinews.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап.
"Өртсөндірушілер келгенде жартылай қираған шатырдың ағаш конструкциялары, тұрмыстық заттар, жиһаздар жанып жатқан. Өрттің жалпы ауданы - 250 шаршы метр. Өз бетімен 4 адам эвакуацияланды. 1986 жылғы үй иесі Павлодардағы №1 ауруханаға жатқызылды. Өртті 03:52 сағатта ауыздықтап, 04:40-та сөндірген", - делінген Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламада.
Ал сағат 05:05-те дәліздегі үй құрылыстарын бөлшектеу кезінде 2012 жылғы ер баланың мәйіті табылды.
Өртті сөндіруге Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің 3 бірлік техникасы мен 7 қызметкері, сондай-ақ 101 және 103 қызметі жұмылдырылған. Себептері мен шығыны анықталып жатыр.